Басты Жаңалықтар Елордадағы 150 көпбалалы отбасының қоныс тойы бір айға кешігетін болды

Елордадағы 150 көпбалалы отбасының қоныс тойы бір айға кешігетін болды

Елордадағы 150 көпбалалы отбасының қоныс тойы бір айға кешігетін болды. Себебі оларға берілетін үйдің абаттандыру жұмыстары әлі аяқталмаған. Бүгін елорда әкімдігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі туралы айтты. Жалпы астанада қазір 47 мыңдай адам пәтер кезегінде тұр. Олардың 1600-ден астамы биыл баспаналы болуы тиіс.

Елордада қазір 47 100 адам пәтер кезігнде тұр. Баспанаға мұқтаждар 12 санатқа бөлінген. Бұрын жалпы тізімде болған көпбалалы отбасыларға биылдан бастап басымдық беріле бастады.  Алғашқы 150 арендалық пәтер кілті бүгінге дейін беріліп бітуі керек еді. Алайда әкімдік сәл шыдаңыздар деп отыр.

 

Әнуар Сайыпов, Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтк қорға басқармасы басшысының орынбасары:

Тұрғын үйді абаттандыру жұмыстары созылып кетті. Бір айдың ішінде көп балалы отбасылар қоныстанады деп отырмыз. арнайы комиссия пәтер алатын 150 адамды анықтап қойған. Енді тек қоныстану ғана қалды.

 

Есесіне бұрын-соңды болмаған, бастапқы жарнасы 10, жылдық үстемесі 2 пайыздық ипотека беру басталды. «Бақытты отбасы» деп аталатын бағдарламаға әкімдік кезегіндегі көп балалы отбасылар мен толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Құны 15 миллион теңгеден аспайтын бағаға жаңа немесе екінші нарықтағы пәтерді рәсімдей аласыз.

 

Жанар Ізімбетова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ орталық филиалы директорының орынбасары:

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдап жатқанымызға 15 күн болды. Бүгінге дейін 399 өтінім түсіп, оның 80- мақұлданды. Аталған бағдарлама бойынша азамат әкімдіктің пәтер  кезегінде аталған үш санат бойынша тұруы керек. Бастапқы жарна 10 пайыз. Оған шамасы келмейтіндерге әкімдік тарапынан 1 миллион теңгелік сертификат ала алады. Бірақ сертификат алған азаматтар тек  жаңа пәтерлерді ғана рәсімдей алады.

 

Әкімдік кезегінде тұрған  әрбір азамат заңға сай жылына бір рет өзі туралы ақпаратты жаңартып отыруы қажет. Әзірге кезекті тұрған 47 мың азаматтың 9 мыңы ғана құжаттарын жаңартқан.

 

Нұрсұлу Қожахметова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын-үй қоры» КММ  директоры:

Тұрғын үй қоры сайты арқылы немесе біздің кеңсемізге келіп өзіңіз туралы ақпартты жаңартуға міндеттісіз. Мәліметтерді жаңартпаған жағдайда сот арқылы сіздерді міндеттеуге мәжбүр боламыз. Бұл заң талабы.

 

Үкіметтен үй сұрайтындарды барынша азайту үшін әкімдік қалауы бойынша азаматтарды іргелес Екібастұз бен Солтүстік Қазақстанға қоныстандыруды қолға алған. Көшкендердің жұмыс пен баспана, балабақша мәселесі бірден шешіледі. Бұл бағдарлама бойынша Екібастұзға 102 отбасы көшкен. Ал Солтүстік Қазақстанға баруға  әзірге ешкім ниет білдірмеген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Бөлісу