Денсаулық сақтау басқармасы тізімде көш басында.
Бұл мекеме медициналық құралдарға арналған байқауларды кешеуілдетіп отыр. Сондай-ақ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Индустриалды-инновациялық даму басқармаларында да қомақты бюджет қаражатын игере алмау қаупі бар екені белгілі болды. Бұл тізімге Ақтөбе қаласы мен бірнеше аудан да ілінді.
Мәселен, Қобда ауданында 280, Алғада 116, Мәртөкте 100 миллион теңге шамасындағы қаражат игерілмеген. Жылдың алғашқы жеті айын қорытындылаған облыс әкімі жауапты басшыларға қатаң ескерту жасады.
Олжас Смағұлов, облыс әкімінің орынбасары:
Игерілмеген соманың басым бөлігі Денсаулық сақтау басқармасына қатысты. 882 миллион теңге. Бүгінгі таңда конкурстар өткізілмеген. Келесі мәселе- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, 874 миллион теңге атқарылмаған, жұмыс актісі жоқ. Бұл Қобда-Мәртөк бағытының жолы. 366 миллион теңге мемлекеттік сатып алу кезінде қатысушы тарапынан арыз келіп түсті.
Жақсыбек КЕМАЛ