Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын бітіруші түлектердің 15 пайызы шетелге кетеді
Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын мектеп бітірген түлектердің 15 пайызы жоғары білім алу үшін шетелдерге кетеді екен. Жергілікті билік түрлі себептермен сырттан білім іздеген талапкерлердің легін азайтуға тырысқанымен, әзірге нәтиже көңіл көншітпейді. Биылдың өзінде облыс бойынша мектеп бітірген 3327 баланың 431-і шекара асуды жоспарлап отыр.
Артур Гусельников биыл Петропавлдағы ең озық деген лицейлердің бірін тәмәмдады. Талапты бала жоғары білім алу үшін Мәскеуге аттанбақ. Таңдаған мамандығы заңгер.
Артур Гусельников, мектеп бітіруші:
Жоғары оқу орынын таңдаған кезде алдымен білім сапасына көңіл бөлесің ғой. Мен де Мәскеу университетін таңдадым. Жалғыз мен ғана емес, біздің сыныптың балаларынан тек 5-6-ы ғана Қазақстанда қалды.
Жыл сайын өңірде 3 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Көрші мемлекеттің университеттері оқу жылының ортасында-ақ дарынды балаларды өздеріне шақыра бастайды. Кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, тест қабылдайды. Яғни озат оқушылар мен болашағынан үміт күттіретін түлектерге гранттар бөледі.
Алмагүл Оспанова, Облыстық білім басқармасының бас маманы:
Былтыр 3684 оқушы бітірген. Салыстыра келсек, соңғы 2 жылда қазақстандық емес жоғары оқу орнына түсетіндер 15 пайыз. Биыл 3327 оқушының 431 кетейін деп отыр.
Теріскейде екі-ақ жоғары оқу орыны бар. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде соңғы 3 жылда жиырмадан астам жаңа мамандық ашылып, гранттардың саны 3 есеге артты. Соның арқасында студенттер саны көбейді, алыс жақын шетелден де келіп оқып жатқандар бар.
Ербол Исақаев, М. Қозыбаев атындағы сқму бірінші проректоры:
2015-2016 жылдармен салыстырғда студенттер саны 2 есеге артты. 3700 студент болса, былтыр 7 мыңнан асты. Жаңадан жатақхана салынып жатыр. 12 қабатты зертханалық корпус салынады. Қажетті мамандар даярлауды қолға алдық, яғни ауылшаруашылығы мамандарын оқытамыз. Бұның барлығы жергілікті түлектерді ғана емес, басқа өңірлерден, елдерден студент тарту үшін.
Ал ата-аналар болса, «мамандық таңдау жауапкершілікті қажет етеді, білім сапасына көңіл бөлу керек»,- дейді. Сондықтан Артур секілді жастар шетел асып, бағасы қымбат болса да өзге елдің жоғары оқу орындарында оқуды қалайды. 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы