Президент Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады

30.07.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады. Кездесуде Президент Қазақстан мен Франция арасында сенімді екіжақты ынтымақтастық орнағанын айтты. Екіжақты сауда көлемі бүгінгі таңда 4,5 миллиард АҚШ долларына жеткен. Франциядан ел экономикасына тартылған тікелей инвестиция көлемі 15 миллиард АҚШ долларынан асты. Мемлекет басшысы Қазақстандағы Франция компанияларының табысты қызметін атап өтіп, олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.  Франция министрі Бруно Ле Мэр бұл әріптестікті барынша арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиын соңында Франция президенті Эмманюэль Макронға сәлем жолдап, ізгі тілегін білдірді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу