Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуы туралы баяндалды. Елбасы партияның кадрлық құрамын мұқият зерттеуді, бастауыш ұйымдар мен филиалдардың жұмысын жандандыруды тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ партиялық бақылау комиссияларының және орталық пен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңестерінің жұмысын жақсарту мәселесіне тоқталып, партияны қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы:
Партия халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білуге және оған қолдау білдіруге тиіс. Сондай-ақ партиямыздың кадрлық құрамын мұқият зерттеу қажет. Оны кейін кездесіп тағы сөйлесетін боламыз. Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен, Саяси кеңес мүшелерімен, партияның өңірлердегі филиалдарының басшыларымен кездесу жоспарланған. Өңір-өңірді аралап партияның болашақтағы, алдымызда келе жатқан электоралды мәселелерге дайындауымыз керек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ