Жалпыреспубликалық шара аясында Ұлан ауданындағы Шыбынды және Дулығалы көлдерінің маңайы қоқыстан тазартылды. елімізде өтіп жатқан сенбілікке қарапайым тұрғындармен бірге аудан басшылығы да қатысты. Осы акция аясында Ұлан ауданындағы Төмеңгі Тайынты және Айыртау ауылының қасындағы су қоймаларының жағалауы да тазарып қалды. Мұндай сенбіліктерді ауданда күзге дейін өткізу көзделіп отыр
Берік Рахметқалиев, Жоғарғы Тайынты ауылының тұрғыны:
Осы Тайынты ауылында туып-өстім. Әлеуметтік желіден "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы туралы естіп, ауылдан 2-3 жігіт болып арнайы келіп тұрмыз. Туған өлкемізді біраз болсын тазартайық деп. Барша қазақстандықтарға, ауылдастарға айтарым, өзімізде бар табмғатта қорғайық, таза ұстайық айналамызды. Келіп демалсақ та артымыздан жинап кетуді білейік.
Берік КӨШЕРБАЙ