Елордадан барған мамандар осылай дейді. Себебі, шаһардағы өндіріс орындары қоршаған ортаны ластауын тоқтатар емес. Мәселен, жылына 200 мың тоннаға жуық зиянды зат таралады. Алайда,кәсіпорындардың ешқайсысы өздері ластап жатқан ортасын сауықтыруды ойламайды. Заңға енгізілген өзгеріс мұндай бассыздықты тежеуі тиіс. Енді экологиялық ахуалды нашарлатып отырған нысандар тек айыппұлмен шектелмейді. Залалдың орнын толтыруға міндетті. Ақтөбеде шұғыл жиын өткізген "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" өкілдері кешенді жоспарларын ұсынып отыр.
Елдос Абақанов, ҚР Экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:
Ақтөбе облысы бойынша 170 мың тоннаға жуық зиянды заттар қоршаған ортаға шығарылып жатыр. Одан бөлек су тазарту қондырғыларының проблемалары бар. Қатты қалдықтарды тиімді басқару бойынша бар. Осы проблемалардың бәрін жүйелі түрде шешу керек.
Жақсыбек КЕМАЛ