Атырау облысында 39 миллион теңгеге салынған электрондық таблолар істен шыққан
Желге ұшқан қыруар қаржы. Атырауда 39 миллион теңгеге сатып алынған электрондық таблолар іске жарамай қалды. Енді босқа тұрған сол қымбат құрылғыларды алып тастаудан басқа амал қалмаған. «Қоғамдық көлікті интеллектуалдандыру» бағдарламасы аясында миллиондар жұмсалған жоба неліктен халықтың игілігіне жарамай қалды?
Жандос Темірғали, тілші:
Қаладағы аялдамалардың маңына орнатылған бұл құрылғы, ауа райы мен уақытты және қоғамдық көліктердің жүру бағыты сияқты мәліметтерді көрсету керек еді. Алайда өздеріңіз көріп тұрғандай, маниторда түкте жоқ. Кейбір пысықай кәсіпкерлер бұл таблоны мынандай өздерінің жарнама тақтайшасына айналдырған.
Ақпараттық тақталар үш жыл бұрын орнатылған. Қытайдан әкелінген қондырғылардың жұмыс істеуінен бұзылуы көп болыпты. Ал үздіксіз жұмыс ітеп тұруы үшін біраз шығындануға тура келеді. Мәселен, бір құрылғының өзіне электр тоғымен қоса, сапалы интернет қажет. Қала тұрғындары «табақтай таблоның пайдасын көрмедік» деп ашынады.
Халықпен келіспей істелген нәрселердің бәрін сотқа беру керек, халық. Өйткені бұл халықтың қаржысы. Әйтпесе, бұл босқа тұрды, қалды.
Ақшаны босқа жою ғой. Басқа не?Басқа, еш нәрсе емес.
Қалада 20 электронды табло бар. Бәрі істен шыққан, жөндеуге келмейді. Жауаптылар енді олқылықтың орнын толтыру үшін, қоғамдық көліктерге GPS қондырғыларын орнатып жатыр.
Әділбек Танкиев "Смарт-Атырау" КМК директоры:
Қосу үшін қосымша қаражат төлеуді тиімсіз деп есептейміз. Неге десеңіз, қазіргі таңда біздер GPS қондырғыларды автобустарға орнатып жатырмыз. Біздер сол электронныйға көшуді дұрыс деп санадық.
Енді шаһар жұртшылығы қоғамдық көліктердің жүру бағытын «ИнфоБус» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады. Жоба 1 тамызға дейін іске қосылады. Ал түкке тұрғысыз болып қалған таблоларды орнынан алып тастамақ. 
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы