Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында бір тәулікке қамалған белгілі хирург босап шықты

Маңғыстау облысында бір тәулікке қамалған белгілі хирург босап шықты

Бір тәулікке түрмеге қамалған ақтаулық дәрігер апелляциялық шағым түсірмек. «Арызданушыны балағаттап, қол көтермедім» деген балалар хирургі сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. Облыстық балалар ауруханасының дәрігері Насухан Отарғазиев болған жағдайға әлі сене алмай жүргенін айтады.

Оқиға бір ай бұрын аурухананың қабылдау бөлімінде болған. Қызуы көтерілген немересін кезекші педиаторға әкелген әйел кезек күтпестен шу шығарған. Сол кезде басқа науқасты қабылдап жатқан дәрігер  Отарғазиев одан тынышталуын талап етіпті. Оған қоса дәрігердің кабинетіне әлгі әйелдің ұлы кіріп келіп, төбелес шығармақ болған. Қоймаған соң, медицина қызметкерлері полиция шақыруға мәжбүр болыпты. Бірақ тұрғынға шағымданып арыз жазбаған. Ал ашулы әйел болса, сотқа арызданған. 19 шілдеде Ақтау қалалық әкімшілік сотының шешімен балалар дәрігері бір тәулікке қамауға алынды.

 

Насухан Отарғазиев, Облыстық балалар ауруханасының хирургі:

Мен шешіммен келіспеймін. Себебі менің тарапымнан ол кісіге қарсы ешқандай  іс әрекет, балағат сөздер болған жоқ. Сондықта, апелляцияға береміз. Өзімді кінәсізбін деп санаймын. Істің әрі де дұрыс жолға түсіп, әділ шешім табатынына сенімдіміз.

 

Аягөз ОРАЛБАЙ

 

Бөлісу