Жұмыссыздықпен күрес күшейе түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыздықпен күрес күшейе түсті

25.07.2019

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі ең жоғары қала – Нұр-Сұлтан. Биылдың өзінде құзырлы органға қызмет сұрап 10 мыңнан аса тұрғын жүгінген. Олардың 3 мыңға жуығы - жастар. «Бұл көрсеткіш жұмыссыздық коэффициенті бойынша 4,5 пайызға тең»,-дейді мамандар.

Жалпы еңбекпен қамту мәселесі мемлекет үшін өткір тұр. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында түрлі жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі - «Жас кәсіпкер». Қазір осы бағытпен бас шаһарда 600 жас бизнес қабілеттерін шыңдап жатыр. Оқу аяқталысымен оларға сертификат табысталады. Ал ынталыларына өз ісін бастап кетуіне 500 мың теңге грант берілмек. Ескеретін жайт, бағдарлама бәріне бірдей қаралмаған.

Айнұр Рахметова, қалалық Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің сарапшысы:

Жұмыссыз жүрген, өзінің жеке кәсібі бар, бірақ кәсіппен айналысқанына 3 жыл болған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар қатыса алады.

Бұдан бөлек биыл жұмыссыз жүрген 13 мыңнан астам адам әлеуметтік қорғауға алынады. Яғни, олар қысқа мерзімді курстар оқып жатқан кезеңде шәкіртақымен қамтылады. Осылайша биылғы Жастар жылында жастарға жан-жақты қолдау таныту басым бағытқа айналып отыр.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу