Жайық-Каспий бассейніне 7 млн-нан астам шоқыр шабағы жіберілді. Бұл брендке айналған бекірені көбейтуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мемлекеттік тапсырысты толығымен орындайтын мамандар өткен жылы да табысқа кенелді.
Былтыр 7 млн-ға жуық шабақ су айдынына жіберілді. Қолдан ұрықтандыру арқылы уылдырықтан шабақ шығару әдісі облыста жыл өткен сайын сәтті жүзеге асуда. Шабақтардың салмағы талапқа сай. Әрқайсысы 7-16 грамм шамасында. Құс пен жыртқыш балыққа жем болмай, тіршілік етуін жалғастырса, шоқырдың салмағы 20 келіге дейін барады.
Мәншүк Темешева, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы:
Бұл шабақтардың жақсы өсірілгенін көрсетеді. Қоректенуі дұрыс болған. Салмақтарының үлкен болуы, қоршаған ортаға жіберілгенде тез бейімделіп, өсіп-өніп кетуіне қолайлы жағдай жасайды.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ