Қауіпті жұқпалы аурудан қырылған малға мемлекеттен өтемақы төленетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпті жұқпалы аурудан қырылған малға мемлекеттен өтемақы төленетін болды

24.07.2019

Атырау облысында қауіпті жұқпалы аурудан қырылған малға мемлекеттен өтемақы төленетін болды. Бұл туралы Облыстық ветеринария басқармасы мәлімдеді.  Осы жылдың наурыз-мамыр айларында асыл тұқымды қой өсіретін шаруаның 2 мыңнан астам ұсақ малы қырылып қалған еді. Салдарынан шаруалар 37 миллион теңге көлемінде шығынға батқан. Осыған орай аймақта арнайы комиссия құрылып, кешенді жұмыстар жүргізілді. Бүгінде өңірге 1 миллионнан астам вакцина жеткізілді. Мал дәрігерлері қойшешектен өзге, төрт түлік арасында кездесетін 9 түрлі жұқпалы індетке қарсы егу шараларын жүргізіп жатыр.

 

Азамат Айтқалиев, Облыстық ветеринария басқармасының басшысы: 

Осы шешім негізінде жергілікті ветеринар мамандардан құралған комиссиямен мал басын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәліметтерімен сәйкестендірілген соң, тиісті құжаттары өкілетті органдарға ұсынылады. Республикалық бюджеттен тиісті өтемақы мал иелеріне төленетін болады.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу