Асқар Мамин Қарағанды облысындағы ферроқорытпа зауытының ашылуына қатысты

24.07.2019

Елімізде тағы бір заманауи зауыт іске қосылды. Қарағанды облысындағы жаңа ферроқорытпа зауытының ресми ашылуына Премьер-Министр  қатысты. Арнайы сөз сөйлеген Асқар Мамин, жоғары технологиялық кәсіпорынның өңірдің  одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Бұдан бөлек, өңірге жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы мұндағы бірқатар индустриялық нысанды аралады.

Осылай Премьер-Министр бастаған топ, су жаңа ферроқорытпа зауытын іске қосты. Жоба «Индустрия 4.0» бағдарламасы аясында өндіріске тек заманауи технологияны енгізумен ерекшеленеді.  Алғашқы кезеңде мұнда жылына 180 мың тонна өнім өндірілмек. Ол түгелдей экспортқа бағытталады.

Жаңа ферроқорытпа зауыты келешекте өнімді 240 мың тоннаға дейін ұлғайтып, металлургияның саласындағы басты кәсіпорындардың біріне айналмақ. Сөйтіп өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкне үлес қоспақ.

 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Үкімет басшысы Қарағанды облысының Қазақстанның өңдеу, металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау саласын дамытудағы маңызын айрықша атады.

 

Бұдан соң Асқар Мамин «Алайғыр», «Көктасжал» сияқты аймақтың алып тау-кен байыту кәсіпорныдарына барды. «SES Сарань» күн электр станциясын тексеріп, Қарағанды қаласының қайта жөндеуден өткен солтүстік және шығыс айналма автокөлік жолын көрді. Ұзындығы 20 шақырымнан асатын «Қарасор көлінен айнала Көкпекті-Қарағайлы» айналма темір жол желісінің жобасымен де жіті танысты.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу