Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумына қатысты

26.09.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылуына қатысты. Үкімет басшысы Қазақстанның дәстүрлі қуат көздерінің тиімділігі мен өнімділігін арттыратынын, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде танылғанын атап өтті. 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізген уақыттан бері Қазақстан экономикаға кешенді «жасыл» шараларды енгізуде елеулі жетістіктерге қол жетті. Асқар Мамин Исландияның экс-президенті және Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-тің Бас хатшысы Мохаммад Баркиндомен пікір алмасты. Алматы облысында геотермалды энергетиканы дамыту перспективасы сөз болды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс, жаңартылатын энергия көздері туралы Заң қабылданғаннан бері энергетиканың барлық секторларында – дәстүрлі және жаңартылатын энергетикада біздің инвестициялық ахуалымыз әлемнің ең бәсекеге қабілетті энергетика өндірушілерінің бизнес жағдайларына сай келеді. Бүгінде біз 3000-нан астам мегаваттқа дейін жаңартылатын энергия көздері қоржынын кеңейттік. 2019 жылдың алғашқы 6 айының өзінде сектордағы өндіріс 31,7 пайызға ұлғайтылды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу