Басты Жаңалықтар Үкімет басшысы Қостанай облысына барды

Үкімет басшысы Қостанай облысына барды

Қостанайда қолданыстан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдейтін кәсіпорын ашылды. Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа өндірістің ашылуына қатысты. Бұл - Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда баламасы жоқ кешен.

Жоба ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Жылына 4 мыңға дейін арготехниканы құрау жоспарланып отыр. Премьер-министр өңірдегі басқа да бірқатар маңызды жобалармен танысты. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай әр салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды табыстады.


Бөлісу