Үкімет басшысы Қарағандыдағы өндіріс орындарының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Қарағандыдағы өндіріс орындарының жұмысымен танысты

10.12.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысындағы өндіріс орындары мен әлеуметтік-мәдени нысандардың жұмысымен танысты. Болат прокаты мен швеллерлер шығару желісін іске қосу рәсіміне қатысты. Жоба өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы «Saran» индустриялық аймағына барып, жылына 3,5 млн шина шығаратын зауыт салу жобасына қанықты. Тәуелсіздік күніне орай аймақтағы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен жұмысшыларына, мемлекеттік қызметшілерге, білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының қызметкерлеріне және кәсіпкерлерге мемлекеттік наградаларды табыстады.

Ерлан Смайылов, еңбек ардагері:

Біз басынан Тәуелсіздік туын көтерген азаматтармен бірге жүргенбіз. Бүгін соның нәтижесін көріп жатырмыз. Мереке құтты болсын! Елімізге береке, қаламызға жақсылық! Мәңгілік ел болайық.


Хабарламаларға жазылу