Қорықшыны өлтірді деп ұсталған азамат Арқалық қаласының тұрғыны болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшыны өлтірді деп ұсталған азамат Арқалық қаласының тұрғыны болып шықты

24.07.2019

Қорықшыны өлтірді деп ұсталған азамат Арқалық қаласының тұрғыны болып шықты. Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын айтады. Сондай-ақ қылмыс болған жерден 20 шақырым қашықтықта «Нива» маркалы автокөлігі табылған. Оқ-дәрілер тәркіленіп, криминалистік сараптамалар тағайындалды. Ішкі істер министрлігі бұл қылмысқа басқа да қатысушылардың бар-жоғы тексеріліп жатқандығын айтады. Ал кеше кешке Ақмола облыстық полиция департаменті 2 күдіктінің қолға түскеннін айтқан. Олардың әкелі-балалы қос азамат екені туралы ақпарат тараған. Жалпы қылмыскерлерді қолға түсіру үшін полицейлер сейсенбі күні арнайы «Ұстау» атты операция жариялап, бүкіл құрылымдық күштерін тартты. Күні бойы үш бірдей облыстың тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Қазір бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99 -бабы, 2 -бөлімі бойынша іс қозғалды.

Жалпы жыл  басынан бері ақбөкендерді браконьерлік жолмен аулау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалған. 32 адам ұсталып, 634 киік мүйізі, қылмыс құралдары алынды. Сондай-ақ 13 автокөлік және 19 атыс қаруы тәркіленген. Браконьерлердің табиғатқа келтірген залалы 1 миллиард 300 миллион теңге дейді полицейлер.

 

Шерхан Жамбылұлы

 

Хабарламаларға жазылу