19 мың теңге шәкіртақы және 500 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі. «Жас кәсіпкер», «Бастау» атты жобаларға өтінім қабылдау жүріп жатыр. Бүгін еліміздегі үш ірі мегаполис Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында "Атамекен" палатасының жұмыспен қамту орталықтары ашылды. Онда кез-келген азамат кеңес алып, оқуға тіркеле алады. Бизнес сабақтар бағдарламаға байланысты 1 айдан жарты жылға дейін жүргізіледі. Тәлім алушылар кәсіп ашудың жолдарын, бизнес жоспарды түзуді және маркетингтік әдістерді үйренеді. Үздік жоба ұсынғандардың жарты миллион грант немесе 6 пайыздық несие алу мүмкіндігі бар. Кәсіпкерлер палатасы жыл аяғына дейін 100 мың адамды оқытуды жоспарлап отыр.
Айдана Тоғызбаева «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы департамент директорының орынбасары:
Жұмыссыз адам келген кезінде бірінші біз одан тест аламыз. Егерде ол тесттен жақсы өтсе «Bastau бизнес» немесе «Жас кәсіпкер» бағдарламасына оқытуға жібереміз. Егерде оның кәсіпкерлікке ынтасы жақсы емес болса, онда қысқа мерзімді оқытуға жібереміз. Қысқа мерзімді оқу 1 айдан 6 айға дейін оқытып, оларға шәкіртақы төлетеміз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ