Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс, Жандосов елді мекендерінің тұрғындары ауыз суға зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс, Жандосов елді мекендерінің тұрғындары ауыз суға зәру

23.07.2019

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс, Жандосов елді мекендерінің тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр. Ауыз судың тапшылығына арызданған жұрт арнамызға хабарласты.

 

Күннің ыстығында ауызсудан тарығып, жанайқайы шыққан жұрттың дауысы тым ащы. Себебі олар Алматының іргесінде отырса да, отыз жылдан бері ауызсуға жарымай келеді.

 

Әбіләшім Бесбаев, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны:

Су жоқ. Елдер мысалы үшін магазиннен сатып алады, болмаса қаладан әкеледі. Осы жағы өте қиын болып тұр.

 

Судың жыры тек Жаңатұрмыстардың мәселесі емес. Алатаудың құйқалы баурайын қоныстанған біршама ауыл тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отырғандығын айтты. Солардың бірі — Жандосов елді мекені.

 

-Бізде қазір ішуге су жоқ. Ішетін су таппай отырмыз.

-Біз интернет телефон мысалға осыдан ақша төлеп тарттық, біз қазақтелекомға звандаймыз. Кір жаятын жіп сияқты ілініп тұр.

-Жандосов ауылының осы шеткі Қасқасу көшесінде тұрамыз, мына Шамалғанмен екі ортасында су да жоқ, осында свет те болмайды.

 

Жұрттың сөзінше, осы мәселеге жауапты атқамінерлер су беруге асығар емес.

 

Бауыржан Айнабеков, «Тау самалы» қызмет мекемесінің бас директоры:

Судың басында отырған біз суды қаладан аламыз, Алматы қаласынан. Ол кісілер ол жақтан салып жатқан трубасы басталған жоқ. Соны күтіп отырмыз.

 

Демек, аталған елді мекен тұрғындарының әлі бірнеше жыл қара судан қағылатын түрі бар. Сондықтан жұртшылық жоғары жаққа арызданып, қайтадан дабыл қағуға мәжбүр. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу