Павлодарда ретро көліктер көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ретро көліктер көрмесі өтті

22.07.2019

Павлодарда автомототехника көрмесі өтті. Оны ұйымдастырған - осы өңірдегі жоғары оқу орындарының біріндегі машина жасау факультеті.

Шараға жеке көлік иелерімен қатар автоклубтар қатысты. 20-дан астам мотороллер мен мотоциклдер де бар. Жұртшылыққа автотехника қозғалтқышының қуаттылығы, орнынан қозғалғандағы шапшандығы және музыкалық аппаратурасының дыбыс күшейткіштерінің ерекшелігі көрсетілді.

Көрмеге келушілер негізінен раритет автокөліктерге ерекше қызығушылық танытты. Олардың ішіндегі ең көнесі Кеңес Одағында 1961 жылы шығарылған «Волга» көлігі болды. Бояуынан бастап, қосалқы бөлшектері, тіпті, авторадиосына дейін зауытта жасалған күйінде сақталған екен.

Төлеуғазы Тоқтағанов, Машина жасау саласының ардагері:

Келешек біздің жастардың қолында, техниканың қолында. Сондықтан жастардың техникаға деген құштарлығын арттыру мақсатында жасалып отырған шара.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу