Ақтау жағажайларынан қауіпті бактериялар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау жағажайларынан қауіпті бактериялар табылды

18.07.2019

Ақтаудағы барлық жағажайдан адам денсаулығына қауіпті бактерия анықталды. «Клостридий перфрингенс» деп аталатын қоздырғыш, әсіресе иммундық жүйесі әлсіз жандарға қауіпті.

Бактерия тағамға түссе, адам уланып қалуы мүмкін. Ал жараға тисе, газды гангренага ұласады екен. Мамандар суға шомылу маусымы басталғалы жағадағы топырақ пен теңіз суын бірнеше рет тексерген. Соңғысында топырақтан қауіпті бактерия табылды. Құзырлы орган дереу Ақтау қаласының әкіміне хат жолдап, топырақты апта сайын қопсыту қажеттігін көрсеткен. Ал демалушыларға жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға кеңес береді. 

Әсима Жұмабайқызы, Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Аталған бактерия Ақтау қаласындағы әкімдікке тиісті жағажайлардан анықталды. Әсіресе адам көп шоғырланатын аумақтарда бар. Өйткені ол жерлерде ешқандай тазалық сақталмайды. Қол жуатын орындар қарастырылмаған. Қоғамдық дәретхана жоқ.

Аягөз ОРАЛБАЙ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу