Еліміздің сыртқы саясатында Еуропа елдерінің алатын орны ерекше. Бүгінде Еуропалық одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі саналады. Одақпен арадағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісіміміз де бар. Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов Еуропаның бірқатар елдерінде Қазақстан елшіліктерінің ашылатынын айтты. Мәселен, бұған дейін Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдерінде біздің консулдықтарымыз ғана жұмыс істеп келсе, енді аталған алты елдегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәртебесі беріліп отыр. Бұл ынтымақтастықты қарқынды дамытуға толық мүмкіндік бермек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ