Елорда әкімдігі «Астана LRT» жобасын жалғастыруға инвесторлар іздеп жатыр
Елорда әкімдігі «Астана LRT» жеңіл рельсті жол жобасын жалғастыруға инвесторлар іздеуде. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. Ал бұған дейін сырттан қарызға алынған қаржының бір бөлігі банкротқа ұшыраған «Астана» банкінде кеткен. Оны қайтарып алу жұмыстары бірнеше жылға созылады. Бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлау мәселесін кеше Үкіметтік кеңейтілген отырыснда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Мемлекет басшысы қазына қаржысының тиімсіз жоспарлаудың сорақы мысалы ретінде дәл осы жобаны атаған еді.
Құны 1,9 миллиард теңгеге жуық жоба құрылысы биыл жыл аяғында аяқталып, келесі жылы пайдалануға берілуі керек еді. Алайда қытайдан алынған қарыздың бір бөлігі банккрот болған банкте қалып қойған. Әуежай мен жаңа темір жол вокзалын жалғайтын 22 шақырым жолдың қазір тек бетон қанқалары ғана тұр. Құрылыс жүргізіп жатқан қытайлық құрылысшылардың жатахқаналары да қаңырап тұр. О баста қоғамның пікірі ескерілмей жасалған жобаның тағдыры кеше мемлекеттік деңгейде сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Халыққа нағыз қажет көлік құралының орнына қымбат жоба ұсынылған. 140 мың жолаушы нөпірі болады деп жоспарланған. Бұл маршрутпен қазір тек 2000 адам жүретіні ескерсек, оның 70 есе көбейеді дегеніне мен түсіне алмадым. Жоба жүзеге асқан күннің өзінде үкіметке жүк болады. Жұмыстың басталып қойғанын ескеріп, құрылысты тоқтатуға болмайды. Үкімет пен әкімдік бұл мәселеге нүкте қойсын. Ал жобаны ұсынған жауапты тұлғалар қадағалушы органдардың сауалдарына жауап беруі тиіс.
Жоба үкімет үшін ең қиын проблема болмақ. Себебі алған қарызды қайтарудан бөлек, құрдымға кеткен қаржыны құтқару керек. Мұның өзіне бірнеше жыл уақыт қажет.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Проблемалық кредиттер қоры қаржыны қайтарудың жолдарын іздеуде. Алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Негізгі жұмыс алдағы екі жылда жүреді. Қаржыны қайтару мүмкіндігі 30-40 пайыздан аспайды.
Президент әкімдік пен үкіметке бұл мәселені шешудің нақты жолын әзірлеуді тапсырды. Алайда жобаны мүлдем тоқтатып тастау туралы әзірге әңгіме жоқ, әкімдік инвестор іздеуде.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Астана банкінде қалған барлық қаржы қайтарылуы керек. Президент бұл мәселені сынға алды. Орынасбарым Асқар Кемеңгерұлына бұл мәселемен жедел түрде айналысуды тапсырамын.
Қаржыгерлер мен сарапшылар да жобаның о бастағы мақсат-мүддесіне күмәнмен қараған. Жеңіл рельсті көлік пайда таппақ түгілі өзін өзі ақтау үшін 5 миллиард жолаушы тасымалдау керек екек. Миллион тұрғыны бар қалада бұл мүмкін емес дейді.
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, сарапшы:
Менің ойымша жобаны тоқтату керек немесе демонтаж жасау керек. Себебі жоба жоқ дегенде 20 жылда ақталу үшін қалада 10 миллион халық болуы керек. Екіншіден, банкте қалған ақшаны қайтаруға қатысты. Бұл мемлекеттік экспертизадан өткен жоба. Демек министрлікте қаржыны есептей алмайтын мамандар отыр немесе олар бұл жоба жарамсыз деп айтатын батылдықтары жетпеді. Мұның бәрін тексерсе аяғы қылмыстық іске барары сөзсіз.
Жобаның жүзеге асу -асапауы әзірге белгісіз. Үкімет пен әкімдіктің қандай нақты шешім қабылдайтынын уақыт көрсетеді. Қалай десек те қаланың көркін құртатын мына бетон бағаналар ел тарихындағы ең өзекті проблеманың бірін меңзеп тұрғандай
Дулат АБИБУЛЛАЕВ