Басты Жаңалықтар Қ.Тоқаев ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

Қ.Тоқаев ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін бекітті және оның құрамын жариялады. Мемлекет басшысы бұған дейін айтып өткендей, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог орнатуды көздейді. Кеңесті Президенттің өзі басқарады. Құрамына 40-тан астам азамат  мүше. Олардың қатарында биылғы президент сайлауындағы бірқатар кандидаттар, мәжіліс депутаттары, ел білетін қоғам белсенділері бар. Кеңестің жұмыс тәртібі қалай болады, қандай бағытта жұмыс істейді?

Кеңес ең алдымен мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобаларына сараптама жүргізеді. Әрине ең алдымен, жұрт пікірін ескереді. Бұл кейбір мәселелердің дер кезінде шешуге, жағдайдың ушығып кетпеуіне әсерін тигізуі тиіс.

 

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі, хатшы:
 

Ұлттық кеңес салтанатты түрде өтетін жиын алаңы емес, нақты мәселелер талқыланатын алаң болады.Оол тек талқылау емес, жұмыс топтары белгілі бағыттар бойынша өз ұсынысын дайындайды.


Сенім кеңесін құру идеясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан бастау алады. Мемлекет басшысы Ақорда мен азаматтардың арасын алшақтатып алмау — о баста-ақ басты ұстанымы болатынын байқатқан. Ұлттық кеңес әр саладағы, әртүрлі ұстанымдағы азаматтардың басын біріктіруімен ерекшеленеді. 40-тан астам мүшесі бар.

 

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы:

 

Бұл кеңестің құрамына саяси қоғамдық алаңдағы әр түрлі күштерді тартуға тырыстық. Бұл жерде ескі оппозицияның өқкілдері бар жаңа оппозицияның өкілдері, азаматтық сектордағы қозғалыстың өкілдері бар. Өз саласының мамандары еніп отыр деуге болады. Олар балрлық саланы қамтып отыр, саяси, экономикамен айналысып жүрген қоғам белсенділері бар.

 

Олар Ақорда мен халық арасын бұрынғыдан да жақындата ала ма? Өздеріне жүктелген міндетті қаншалықты абыроймен алып шыға алады. Бұл енді тізімдегі тұлғалардың жұмысына сын.

 

Жәнібек Қожық, қоғам қайраткері:
 

Сол кеңестің ішіне кіргенге кейін мемлекетке де, халыққа да тиімді ірі жобаларды ұсынып, жеткізіп, көптеген заңдардың шығуына, көптеген өзгерістердің болуына шамамыз келгенше ықпал етеміз деп ойлаймын. Бәрін уақыт көрсетеді, уақыт төреші болады.

 

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:

 

Мәселелер көп, бірақ кейде оны кімге жеткіземіз немесе тек қана әлеуметтік желіде, интернетте көтеріп жатамыз. Кеңестің мүмкіншілігін пайдаланып, көп мәселделерді шешуге атсалысамыз деп ойлаймын.

 

Ұлттық кеңес «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидатымен жұмыс істейді. Алғашқы отырысы алдағы тамызда өтеді деп жоспарлануда.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Бөлісу