Елімізде жеке тұлғаларға да салықтық рақымшылық жасалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жеке тұлғаларға да салықтық рақымшылық жасалуы мүмкін

12.07.2019

Елімізде жеке тұлғаларға да салықтық рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.

Оның сөзінше, заң қазір Парламент мәжілісінде қарастырылып жатыр. Ал өткен жылы Елбасының тапсырмасымен басталған «Заңды тұлғаларға арналған салықтық рамымшылық» жақсы нәтиже беруде»,- дейді мамандар. Мәселен, осы уақытқа дейін рақымшылыққа 39 мың салық төлеуші ілігіп, олар 7,6 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарыздарын өтеген. Тиісінше, олардың 2 миллиардқа жуық өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілген. Айта кетейік, салықтық рақымшылық осы жылдың соңына дейін жалғасады.

 

Жазира Бекбаева, кәсіпкер:

 

Біздің компанияны 2016 жылдан бері тоқтатылып тұрған. Өйткені НДС-тан негізгі қарыз болды бізде 4,6 миллион. Соны төлей алмай жүрдік енді, одан жылдан жылға өсімпұл қосылды. Сол. Осы рақымшылық басталғалы енді негізгі қарызды төледік те осы жақын күнде содан өсімпұлды бізге алып тастап берді 3,6 миллион.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

 

Хабарламаларға жазылу