Коррупцияға қарсы қызмет көліктерді техникалық байқау процедурасын алып тастауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коррупцияға қарсы қызмет көліктерді техникалық байқау процедурасын алып тастауды ұсынды

12.07.2019

Коррупцияға қарсы қызмет көліктерді техникалық байқау процедурасын алып тастадуы ұсынды. Себебі бұл салада сыбайлас-жемқорлық қаптап кеткен және техникалық байқау әділетсіз  жүргізіледі. Агенттік өкілдері тиісті органдарға осындай ұсыныспен шыққан. Тек  өткен жылы 700-ден астам құқық бұзушылық тіркеліп, техникалық байқау өткізетін 88 оператор лицензисынан айырылған. Сондықтан да агенттік көлікті техникалық байқауды тек қоғамдық көліктер мен мемлекеттік мекемелерге қарасты көліктерге ғана жүргізуді ұсынды.  Бұл бастама қоғам талқысына шығарылмақ. Техникалық байқауды бұрын Ішкі істер министрлігі өткізетін, кейін  2012 жылдан бастап жеке секторға берілді. Бастапқыда бұл Нидерланды тәжірибесінде жасалды, техникалық байқау қатаң тәртіппен фото-бейнебақылау арқылы өтеді делінген. Алайда қазір көптеген көліктер байқау бекетіне бармай-ақ тиісті құжатты алатын болып шыққан.

 

Мирас Қарғабай  "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі:

 

Нақты ұсыныс бойынша қазіргі форматтан бас тартып, оны қоғам белсенділерімен талқылай отырып, жаңа ыңғайлы,  жемқорлыққа жол бермейтін форматтағы түріне көшіру арқылы, сол форматты дайындаған соң ғана бастауымыз керек деп ойлаймын. Оған дейін бұл техникалық бақылауды өткізуді тоқтата тұру мәселесін көтеріп отырмыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу