Бүгін Арыс қаласынан 75 бала Алматыға демалуға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Арыс қаласынан 75 бала Алматыға демалуға келді

12.07.2019

Оларды Алматылықтар темір жол вокзалынан сән-салтанатпен қарсы алды. Әр оқушыға естелік сыйлықтар берілді. Цирк әртістері өнер көрсетіп, балалардың көңілін көтерді. Аниматорлық көрініс пен колледж студенттері әзірлеген «Арыс, Біз біргеміз!» атты флэшмобы ұйымдастырылды. Оқушылар тамыздың 3-не дейін тау баурайындағы жазғы сауықтыру лагерінде тынығады. Арнайы бағдарламаға сәйкес олар Көктөбе, Медеу сияқты Алатаудың көрікті жерлерін аралайды. Сондай-ақ, әр баламен психологтар жұмыс істейді.

Гүлнәр Қожабергенова, қалалық Білім басқармасының басшысы:

150баланы қабылдағалы отырмыз. Бүгін бірінші легі келеді 75 бала, 7 мұғалім.Екінші легі осы шілде айының 23-інде келеді. Бұған жергілікті бюджеттен 10 млн-ға жуық қаражат бөлініп отыр. Осы 150бала келіп, демалып кетуіне.

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

 

Хабарламаларға жазылу