Таразда перзентханадан жаңа туған сәби ұрланды.
Бала ұрламақ болған 22 жастағы әйел дәл осы перинаталды орталықта босанып, шыққан. 3 күн өткен соң, бірге ем алған әйелдің хал-жағдайын сұрауға келдім деген сылтаумен ішке кірген. Жас ананың жоғын пайдаланып, сәбиді қызметтік есік арқылы алып кеткен. Оқиға құзырлы органға жедел хабарланып, күштік құрылымдар түгел жұмылдырылды. Бейнебақылау камераларындағы жазба арқылы күдікті тез анықталды. Баланы әкеткен әйел жақын маңдағы қонақүйлердің бірінен табылды. Ол бұған дейін де алаяқтығы үшін істі болған. Осы қылмысы үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Хамит Мырзақасым, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Нәресте анасына қайтарылды, жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ. Осы факт бойынша ішкі тексеру жүргізіліп, 4 қызметкер жұмыстан шығарылды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ