«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек өңірге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек өңірге барды

09.07.2019

 «Nur Otan»  партиясы жемқорлықпен күресті әлі де күшейтпек.  Саяси ұйымның  Батыс Қазақстан облысындағы филиалының кезектен тыс 25-ші конференциясына қатысқан  партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Батыс Қазақстан облысында  бір жарым жыл ішінде  өз құзыретін асыра пайдаланғы үшін  17 тұлға партия  қатарынан шығарылып, 1 адамға сөгіс жарияланған.  «Партияның жұмыс принципіне өзгерістер енгізілмек, бірінші кезекте сыбайластықтың жолын кесеміз»,- деді Бауыржан Байбек. Сондай-ақ жиын барысында  саяси ұйымның  өңірдегі  төрағасы болып облыс әкімі Ғали Есқалиев сайланды. Бұған дейін осы қызметті мүлтіксіз атқарған  Алтай Көлгіновке партия төрағасының бірінші орынбасары саяси ұйымның ұстанымдарына адалдық танытқаны үшін алғыс  айтты. Бауыржан Байбек тұрғындардың өтініші бойынша ескі үйлер мен апатты мектепті барып көрді. «Қала әкімнің орынбасарлары қоғамдық қабылдауға бас сұқпайды, мәслихат белсенді емес. Сондықтан  бұл тұрғыда жұмысты күшейту керек. Азаматтардың партияға деген риясыз сенімін арттыру  үшін қалың бұқараға жақын болған абзал»,- деді Бауыржан Байбек. 

 

 

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының  бірінші орынбасары:

 

Өзекті мәселелерді талқылау үшін депутаттармен өзара қарым қатынас жұмыстарын қайта қарап, күшейту қажет. Депутаттық сауалдар бүкіл қоғамды алаңдатқан аса өзекті мәселемен үндесіп,  байланысып жатуы тиіс. Сондықтан Үкіметтің жұмысына да тиімді бақылау жүргізуді қолға алуымыз керек. Министрлер мен әкімдер тек мемлекеттік органдардың басшылары ретінде ғана емес сонымен бірге партия мүшесі ретінде де жауапкершілікті сезінуі тиіс.   

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу