Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап жүр

09.07.2019

Қостанайға барған халық қалаулылары тұрғындармен кездесіп, құқық қорғау жүйесінде қабылданған заңдарға қатысты мағлұмат берді. Соңғы екі жылда еліміздегі жеке сот орындаушылар мен  әкімшілік құқық бұзушылық және азаматтық кодекске қатысты төрт заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер  енгізілді. «Заң халық үшін, сондықтан уақыт талабымен  өзгертулер енгізу және оның ел үшін жұмыс істеуі мінддеті»,- деді депуттар. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына құлақ асқан  халық қалаулылары  барлық арыз-шағым бойынша жауап берді.      

 

 

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

Біздің мақсат бұқарамен кері байланыс орнату. Әлі құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесеміз. Заңды жетілдру тұрғысында пікір алмасып, бірқатар ауылды жерлерді аралаймыз.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу