Елорда күні мерекесінде жетісулық 230 отбасы баспаналы болды
Бас қаламыздың төл мерекесі жетісулық 230 отбасы үшін ерекше есте қалмақ. Себебі бұл күні олар көптен күткен баспанаға қол жеткізді. Талдықорғанда көпқабатты үш тұрғын үй пайдалануға берілді. Зәулім ғимараттар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында салынды. Үйлі болғандардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала мамандары мен қарапайым еңбек адамдары бар. Шаңырақ иелерін Нұр-Сұлтан күнімен құттықтап салтанатты түрде кілтті өңір басшысы Амандық Баталов табыстады. 
Анаргүл Қалқабаева, Кербұлақ ауданының тұрғыны:
Қазіргі мына мемлекеттік бағдарламамен үй алған өте қолайлы. Біздің де кезегіміз келіп, қызымызға үй беріліп отыр. Сезіміз керемет болып тұр. 
Қ, ҚАНАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22