Арыстан 150 бала Алматы облысындағы лагерьлерге демалуға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстан 150 бала Алматы облысындағы лагерьлерге демалуға барды

08.07.2019

Арыстан 150 бала Алматы облысындағы лагерьлерге демалуға келді.

Оқушылар бүгіннен бастап Еңбекшіқазақ ауданындағы орналасқан "Тау Жанашар" лагерінде 20 күн, Қапшағай қаласындағы "Күншуақ" демалыс орнында 10 күн тынығады. Демалыс барысында арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, балаларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіледі. Бұған өңір бюджетінен 30 миллион теңге бөлінген. Жалпы осы уақытқа дейін Жетісу жұртшылығы арыстықтарға құны 60 миллион теңгеден асатын азық-түлік, киім-кешек пен түрлі құрылыс заттарын жеткізген.

 

Гүлжан Елубаева, Алматы облысы білім басқармасы мектепке дейінгі және интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы:

 

Балалар жазғы демалысын есте қаларлықтай, қызықты өткізеді деп ойлаймын. Біздің мамандар автобус жалдап, балаларды өздері алып келді. Бұл мемлекет тарапынан берілген үлкен көмек. Бұған балалар да, ата-аналар да алғыстарын айтып жатыр.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу