Алматыда «Nur Otan» партиясы арандатушыларға қарсы шеру өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Nur Otan» партиясы арандатушыларға қарсы шеру өткізді

06.07.2019

Алматыда «Nur Otan» партиясы арандатушыларға қарсы шеру өткізді. Оған шамамен 2000-ға жуық адам қатысты.

Қоғам белсенділері халық алдында ойларын ортаға салды. Мінбердегілер ел тұрақтылығын шайқағысы келетіндерді сынап, оларды «арандатушылар» деп атады. Партия мүшелері, қарапайым еңбек адамдары, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар мен жастар, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері бүкпесіз, ой-пкірлерін айтты. Зиялы қауым өкілдері жұрт арасына іріткі салатын «арандатушыларға ермеу», қазіргі тыныш қоғамның береке-бірлігін сақтауға шақырды. Митингке қатысушылар «Соғысқа қарсымыз!», «Біздің күшіміз – бірлікте!», «Экстремисті қолдама!» деген сөздер жазылған плакаттарды ұстап шықты.

 

Қали Сәрсенбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист:

 

Елбасының айтқан бір сөзі бар еді. «Мына біз тәуелсіздікті мынау жыл сайын емес, ай сайын емес, күн сайын, сағат сайын қорғауымыз керек» деген. Сондықтан менімше, мына елдің тәуелсіздігін қорғау керек қай кезде де. Бұл бейбіт мақсатта да қорғалады. Қорғау деген соғыс жағдайында емес. Мына бейбіт шерудің мақсаты осы елдің бірлігіне, ұлтқа қызмет ету деген сөз.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу