Арыс қаласында әскери бөлімді көшіру бойынша жұмыстар басталды. Жарылмай қалған қару-жарақтар арнайы көліктерге тиеліп, қала сыртына шығарылып жатыр. Әскери бөлімді көшіру шаралары Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың жеке бақылауында. Оқ-дәрілер жарылып кетпеуі үшін қауіпсіздікті әскери полиция күштері қадағалауда. Айта кетейік, Арыстағы апаттан соң, қаланы жарылу қауіпі жоқ оқдәрілерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған Қазақстан қарулы күштерінің барлық қызметі мен бөлімшесі жұмылдырылған.
Фариза Мұсақызы