Басты Жаңалықтар Қызылорда облысының әкімі Арыс қаласына барды

Қызылорда облысының әкімі Арыс қаласына барды

Сыр халқы Арыспен бірге! Күрішті өңір жарылыстан зақымданған нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Бүгінде облыстан 20-ға жуық құрылыс компаниясы Арысқа келіп, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

 

Арыстағы апаттан үйсіз қалған жанның бірі — Жұмабек Бердімұратов. Жарылыс күні  баспанасына снаряд түсіп, үйді жермен жексен еткен. Оқыс оқиғада қара шаңырағынан айырылған отбасыға Қызылорда облысының әкімдігі жаңа тұрғын үй алып берді.

 

Жұмабек Бердімұратов, тұрғын:

 

Жалпы Сыр өңірі қаланың 6-шы аумағын қайта қалпына келтіруді өз міндетіне алып отыр. Соның ішінде 5 әлеуметтік, 10 коммерциялық, 254 жеке тұрғын үй жөнделетін болады.

 

Қуанышбек Ысқақов, Қызылорда облысының әкімі:

 

 

Бүгінде Қызылордадан келген 20-ға жуық құрылыс компаниясы әр аумаққа бөлініп, қарқынды жұмыс істеп жатыр. Мердігер мекемелер қайта қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауға күш салуда.

 

Құдайберген Иманахметов, "Абу-Сер" ЖШС бас инженері:

 

 

Осындай қиын-қыстау сәтте Арыстағы ағайынға қол ұшын созған Сыр елінің азаматтары әскери снаряд жауған шаһарды жаңғыртуға өз үлестерін қосып, Арыс халқымен бірге екенін сөзбен емес, іспен көрсетпек.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу