Домбыра тек ұлттық музыкалық аспап қана емес ендігі жерде миллионнан астам тұрғыны бар Шымкенттің келбетін айшықтайтын сәулеттік құндылыққа да айналды. Мегаполисте ұлттық мерекеге орай және домбыраның құрметіне ескерткіш орнатылды. Биіктігі 7 метр болатын өнер туындысы жаңа әкімшілік іскерлік орталықтағы «Түркістан» мәдениет сарайының алдына қойылды. Ескерткіш белгіде ұлттық нақышпен бедерленген домбыра сұлбасын музыкалық нота кілті көмекеріп тұр. Суретшілер тобы әзірлеген бірнеше эскиздің ішінен сарапшылар тобы тап осы нұсқаға тоқталған. Оны жасауға мүсіншілер 4 айдай уақыт сарп етті. Қаңқасы темірден соғылған ескерткішті тұрғызуға демеушілер қаржысы жұмсалды. Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау идеясы негіз болған шара соңында өнерпаз балалардан жасақталаған оркестр Құрманғазы, Дәулеткерей секілді композитордардың бірнеше күйін орындады.
Әбдімүтәліп Әхметов ҚР Суретшілер Одағы Шымкент қаласы филиалының төрағасы:
Домбыра негізінде жасалаған кезде декоративті монументальді болды. Темірден жасалған дүние. Темірдің өзіндік қасиеттері бар. Өте әдемі сұлу болып шыққанына қуандық.
Ғабидолла Әбдірақымов, қала әкімі:
Мен ойлаймын бұл ескерткіш өте маңызы ерекше. Жастарға, ұрпақтарға үлкен әсер береді. Патриоттыққа,жерін, елін сүюге көңіл бөлінеді деп ойлаймын.