Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кеткен

05.07.2019

Оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Ал төрт ересек адам ішімдіктің кесірінен ажал құшқан. Барлық қайғылы оқиғалар суға түсуге тыйым салынған жерлерде болыпты. Облыста арнайы жабдықталған 9 шомылу орны бар. 7 құтқару тобы жұмыс істейді. Олар биылдыққа суға кетіп бара жатқан 36 адамды ажалдан арашалап қалыпты. Өңірдегі өзен-көлдердің бәрін бақылауда ұстау мүмкін емес. Сондықтан мамандар алдын-алу шараларына баса мән береді. Бүгін Қостанайдағы төтенше жағдайлар қызметкерлері қалалық жағажайда арнайы рейд өткізді. Тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Талғат Кәкімов, Қостанай облысы бойынша ТЖД бастығы:

Әрбір суға түсетін адам мынаны есте ұстауы керек. Біріншіден арнайы орындарға шомылуы тиіс. Екіншіден ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Үшіншіден кәмелеттік жасқа толмаған балалар тек ересектердің бақылауымен ғана шомылғаны жөн.

Хабарламаларға жазылу