Полицейлер оны Әйтеке би ауданының аумағында қолға түсірген. Жеңіл көлік салонынан қораптарға салынған 7 құс табылған. Күдікті жойылу алдында тұрған бұл құстарды Мәртөк ауданынан ұстағанын мойындап отыр.Қанатты жыртқыштар Ақтөбедегі жас натуралистер стансасының қамқорлығына берілді. Бұл мекеме бұған дейін де бірнеше бүркітті бағып отырған болатын. Олар жараланып, табиғат жанашырларының арқасында осында әкелінген екен.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі таңда ҚР ҚК 139 бабынай сәкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Және сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында сатып алушыны жарнама бойынша тауып, ол кісіге апара жатқан. Қазіргі таңда ол кісі де анықталуда.
Назерке Амитова, Жас натуралистер станциясының қызметкері:
Бұлар кішкентай болғандықтан күніне 800 грамм ет жейді. Және айта кететін болсақ, бұлардың дене тұрқы, және қанаттарының ұзындығы 45-60 см болады. Бұлар киелі құс, саны азаюына байланысты «қызыл кітапқа» енген.