Басты Жаңалықтар Қорғаныс министрі Арыстағы қару-жарақты көшіру 2 аптадан соң басталатынын айтты

Қорғаныс министрі Арыстағы қару-жарақты көшіру 2 аптадан соң басталатынын айтты

Арыстағы жарылыс себептеріне қатысты тергеу бір айда аяқталады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. "Бұл қызметтік салғырттық болуы мүмкін. Бұдан бөлек, басқа да нұсқалар қарастырылуда. Мысалы, тез жанатын заттардың өртенуі, электр желісінің тұйықталуы. Қасақана өрт қою әрекеті де тексерілуде. Біз осы нұсқалардың біреуін де әзірге жоққа шығара алмаймыз", -деді министр. Сонымен қатар, ол — Арыста қаза болып, жарылыстан жапа шеккендердің қайғыларына ортақ екенін жеткізді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

Қайтыс болған үш адамның отбасына көңіл айтамын! Қайтыс болғандардың екеуі әскери қызметкерлер еді.  Бұл орны толмас ауыр қаза. Арыстағы жарылыс барлық қазақстандықтар мен әскерилердің ортақ қайғысы. Әскерилеріміз сол өрттің ортасында тұрып, бастарын қатерге тікті, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Біздің ең басты мақсатымыз Арыс қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау.

 

Индира БЕГАЙДАР

Бөлісу