Қазіргі Елорданың бұрынғы келбеті қандай еді? Сарыарқа ауданын араласаңыз соған куә боласыз. Әкімдік ескі қала бойынша жаяу серуендеу бағдарламасын әзірлеп, бағыттарын бекітті. Онда 34 нысан бар. Ғимараттар сонау Целиноград кезінде бой көтерген. Көбінің сырты сақталғанымен іші бүгінде өзге мекемелердің меншігіне өтті. Дейтұрғанмен бұл тарих. Сол себепті тарихты танытуға туристік компаниялар ат салысқаны жөн,-деді ауданның әкімі Ерғали Егемберді. Ал көне сәулеттерді көріп шығуға жаяу 2-2 жарым сағат уақыт кетеді екен.
Ержан Бежкенов, Сарыарқа ауданы әкімдігі интернет-ресурсы бөлімінің басшысы:
Бұл бағыттар жағалаудан басталады. Ескі ғимараттар ішінде Сәкен Сейфулин музейі, Матвей Кубрин үйі бар. Аталған нысандар картасын әкімдік сайттарына, әлеуметтік желілерге жариялаймыз. Бәріне қолжетімді, түсінікті. Тағы ақпаратты әуежай, теміржол вокзалдарына ілеміз. Негізі мұны жергілікті тұрғындарда толық білмейді. Сол үшін қонақтарға да, басқасына да қаланың өткен тынысымен танысуға мүмкіндік бар.