Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева айтты. Енді қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға кететін қыруар шығын айтарлықтай қысқарады. Медициналық қызмет қолжетімді болып, оның сапасы артады. Себебі, дәрігерді қажет ететін шұғыл жағдайда көмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиация тіпті, бағасы қымбат операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтердің құнын мемлекет өз мойынына алып отыр. Бұл – 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап халыққа ұсынылатын екі түрлі пакетте яғни, кепілдендірілген тегін медициналық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне енгізіліп отыр.
Забира Оразалиева, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры:
Атап айтар болсақ, оңалту қызметіне жұмсалатиын шығындар 2,5 есеге көбейтіліп отыр, емхана деңгейінде көрсетілетін бастапқы санитарлық медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 50 пайызға көбейтіліп оытр. Келер жылдан бастап екі пакетте де консультатиытік диагностикалық қызметтерге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке бөлінетін қаржы тағы да көбейеді.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ