Елордада халықаралық қаламгерлер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада халықаралық қаламгерлер форумы өтті

04.07.2019

Елордада Еуразия астаналары жазушыларының форумы басталды. 20-дан астам мемлекеттен келген жазушылар екі күні бойы кітап маркетингі, әдеби агенттіктердің ісін дамыту, аударма өрісін кеңейту мәселелерін талқыламақ. Іс-шараның мақсаты - әдебиетке жаңа арна ашу, қазақ әдебиетін әлемге насихаттау. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы форум жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналмақ. Жиынға Еуразия кеңістігіндегі астаналарда тұратын, әлемге есімі белгілі әдебиет тұлғалары шақырылды.Соның ішінде бүкіл Латын Америкасына танымал, испан тілді мемлекеттердің барлығы білетін, шығармалары әлемнің 35 тіліне аударылған мадридтік ақын Хунте Хорхе Падронды ерекше атауға болады. Форум аясында онымен келісімшарт жасалды. Испандық ақын Абайдың 175 жылдығына орай 100 өлеңін өз тіліне аудармақ.

 

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры:

 

20 ның үстінде мемлекеттен ақын-жазушылар келіп отыр. Онымен қоса, бүкіл Қазақстанның әр облысынан, өңірінен, қалалардан біздің өзіміздің әдебиеттегі сыбағалы орындары бар әдебиеттің бүгінгі жастарға үлгі боларлықтай тұлғалық міңберге шыққан азаматтардың барлығын осында арнайы шақырдық. Яғни, бұл біздің қазақ әдебиетінің әлеуетін әлем әдебиетінің алдында көрсетуіміз керек деген мақсатымыз болды және бұл жерде жастарға көбірек көңіл бөлініп жатыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу