Басты Жаңалықтар Ұлттық мұрағатта Елорда күніне орайластырылған көрме өтті

Ұлттық мұрағатта Елорда күніне орайластырылған көрме өтті

«Елорда бейнесі архив құжаттары мен сирек басылымдарда». Осындай атаумен бүгін Ұлттық мұрағатта Елорда күніне орайластырылған көрме өтті. Мұнда Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуы мен даму тарихын бейнелейтін архив құжаттары мен тарихи кітаптар қойылды. Яғни, бұрын-соңды қалың жұртшылық назарына ұсынылмаған ел Президентінің маңызды жарлық-қарарлары шығарылған. Атап айтар болсақ, келушілер Қазақ елінің елордасы – Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлық, күні кеше Астананың атауын Нұр-сұлтан қаласына ауыстыру туралы 2019 жылғы 23-наурыздағы жарлықпен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір құнды құжат көрме қатысушыларын әлемдегі ең үздік сәулетшілер салған қазіргі елордамен, оның сұлу келбетімен танстырмақ.

 

Амангелді Қашқынбаев, тарих ғ.к., доценті:

 

Кім ойлаған осыдан 30 жыл бұрын Астана осындай өзгереді деп. Өзіміз таң қаламыз. Бірақ, мұның ар жағында елдің бірлігі-тірлігі, халықтың төзімділігі дегенсияқты күш-қуаттар. Міне осыны бір әрқашан білірһп отыруымыз керек, оны ұрпаққа айтып отыруымыз керек.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу