Елімізде электрондық теміржол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі енгізілді. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы автоматтандырылған жаңа жүйені таныстырды. Айта кетейік, 1-шілдеден бастап билет сату жаппай электрондық тәртіпке көшкен болатын.
Электрондық билет сатуды жетілдіру ең әуелі заман талабы және жең-ұшынан жалғасқан сыбайластыққа соққы беру. Нәтижесінде, кассир мен алыпсатар арасындағы байланыс үзіледі. Жаңа жүйе бойынша барлығы жариялы және әрбір операция қырағы қадағаланады.
Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:
Жаңа жүйе бойынша 30 секундтың ішінде тапсырыс берсе, бір бағыттағы пойызға, онда оның кассасы жабылады. 3 рет тапсырыс берсе, оған хабарлама келеді «сіздің касса 5 минутқа жабылады» деген. Алыпсатарларға қарсы бағытталған бұл жүйе.
Жаңа жүйе бойынша жолаушылар үшін біріңғай күту парағы енгізілген. Яғни, қайтарылған немесе бос тұрған билеттерді алуға кезекке тұрасыз. Ақпараттың барлығы электрондық поштаңызға жіберіледі.
Мәдина Жанабаева, IT компания директорының орынбасары:
Жол серіктерінің әрбір әрекеті және ревизорлардың іс-қимылы барлығы автоматтандырылған жүйе арқылы қадағаланады. Өздеріңіз білетіндей, нарықта билет сатумен айналысатын кәсіпкерлер көп. Осы ретте билеттің бағасының сәйкестігін ресми сайтқа кіріп тексере аласыз. Яғни, жаңа жүйе ақпараттың ашықтығын толық қамтамасыз етеді.
Жалпы бүгінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 233 кассасынан және 4500 жеке билет кассаларынан, сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет ету бойынша 4000-нан астам терминал арқылы және ресми сайт «EPAY.RAILWAYS.KZ», «bilet.railways.kz» бойынша комиссиясыз барлығы 10 интернет-ресурс арқылы сатып алуға болады.
Бүгінде жол жүру құжаттарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 233 кассасынан және 4500 жеке билет кассаларынан, сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет ету бойынша 4000-нан астам терминал арқылы және «EPAY.RAILWAYS.KZ», «bilet.railways.kz» сайттары арқылы сатып алуға болады.
Ербол МӘНДІБЕК