«Baker and McKenzie», «White and case» сынды ірі халықаралық заң фирмаларының сарапшылары Қазақстанда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Baker and McKenzie», «White and case» сынды ірі халықаралық заң фирмаларының сарапшылары Қазақстанда бас қосты

03.07.2019

Белді судьялар мен университет профессорлары Қазақстанда бас қосып, құқық мәселелері бойынша пікір таластырды. «Астана финанс дэй» шарасы аясында өткен конференцияда жиналғандар Астана халықаралық қаржы орталығындағы құқық бойынша өзгерістерін талқылады. Әсіресе Қаржы орталағының базасында құрылған Сотқа ерекше мән берілді. Айта кетейік, бұл сот Ұлыбритания мен Уэльс заң талаптарының негізінде жұмыс істейді. Ал Халықаралық арбитраж орталығы Еуразия кеңістігіндегі бизнесті дамыту және даудамайларды жабық күйінде шешу бағытында жұмыс істейді. Жалпы, шетелдік сарапшылар «Астана» қаржы орталығы бұл аймақта ғана емес, әлем бойынша қаржылық және құқықтық қызметтерді жоғары деңгейде көрсететін алаң ретінде үлкен сұранысқа ие болады,- деп отыр.

 

Эндрю Олдленд, «Астана» халықаралық қаржы орталығы құқықтық кеңесінің мүшесі:

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы бизнес үшін ашық алаңқай болғандықтан, Қазақстанға инвестицияны көптеп тартуы тиіс. Ал биржада қарапайым адамдар акцияларды сатып алып, пайда көреді. Сондықтан сұраныс көп болатынына сенімдімін.

 

Нұржан Қоспаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің құқықтық мәселелері бойынша атқарушы директоры:

 

Қазірдің өзінде қаржы орталығында 203-ке жуық компания тіркелген. Оның ішінде 60 пайызға жуығы шетелдік. Мысалы, тіркелген 20 заң компаниясының 80 пайызы шетелдік болып табылады. Қытайдың, Дубайдың, Гонконгтың, Ұлыбританияның, жалпы, халықаралық дәрежедегі компаниялар бар.

Хабарламаларға жазылу