Басты Жаңалықтар Асқар Мамин әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беруді тапсырды

Асқар Мамин әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беруді тапсырды

Президенттің берген тапсырмасын орындау үшін үкімет 300 миллиард теңге жұмсамақ. Бүгін атқарушы биліктің апта сайынғы отырысында бюджет нақтыланып, өзгерістер енгзіліді. Тоқаевтың бұқараның әлжуаз тобына көмектесіп, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды күшейту тапсырмасын жүзеге асыру үшін Мамин бастаған министрлер кабинеті соңғы тетіктерін пысықтап жатыр. Тікелей инвестициялар қорын құруға  деп жоспарланған қаржының едәуір бөлігін де осы бағытқа бұрып отыр.

 

Үкімет резерві 73 миллиард теңгеге ұлғаяды. Әлихан Смайылов бұл қаржы ең алдымен Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалатындығын айтты. Ал тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге көлеміндегі несиесін жабу үшін 88,5 миллиард теңге қарастырылып отыр.

 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі:

 

Екінші бағыт - жұмыспен қамту, аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша пәрменді шараларды кеңейту және күшейту. Бұл мақсаттарға 138,6 миллиард теңге бағытталатын болады.

 

Прездиенттің тағы бір негізгі тапсырмасы жапппай кәсіпкерлікті дамыту. Оған сәйкес қазіргі таңда бөлінген гранттар мен микрокредиттер үшін қосымша 32 миллиард теңге қарастырылып отыр.

 

Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:

 

Осы 3 жылдың ішінде экономикаға керек деген 100 мамандық бойынша ең кем дегенде 200 мыңды оқытуымыз керек.

 

Мектеп түлектеріне де жағымды жаңалық бар. Қосымша 5 мың грант бөлінеді. Ол көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардың балаларына беріледі.

 

Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі:

 

Гранттарды алу үшін 5-10 тамыз аралығында конкурсқа қатыса алады.Ол үшін жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет.

 

Асқар Мамин әлеуметтік шаралар ең алдымен көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталғанын айтып, бұл жұмысттарды тездету қажеттігін тапсырды.

 

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі:

 

Президент бірқатар әлеуметтік шараларды қабылдады. Оларды іске асыру азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешіп қана қоймай, өзінің материалдық жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазір біздің алдымызда тұрған міндет —  оларды уақытында орындау үшін барлық ұйымдастырушылық және заңнамалық мәселелерді жылдам шешу.

 

Ал қарызы кешірілген адамдарға алдағы уақытта қайта кредит берілмейді. Үкімет табысы күн көру деңгейінен төмен азаматтарға несие беруді тиым салуды жоспарлап отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

Бөлісу