Бұл азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы президенттің тапсырмасына байланысты жасалған түзетулер. Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет резервінің 73 млрд теңгеге жуық ұлғайтылатынын айтты. Бұл қаржы ең алдымен Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалады. Ал жағдайы төмен азаматтардың 300 мың теңге көлеміндегі несиесін жабу үшін 88,5 млрд теңге қарастырылып отыр.Вице-премьер бұл қаражат «тікелей инвестициялар қорын» құруға деп жоспарланған ақшадан алынатындығын айтты. Ол шамамен 300 млрд теңге. Үкімет бұл қаржыға несиені жабудан бөлек халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі:
1,5 млрд теңге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап аз -қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім беру грантын бөлуге, 2,4 млрд теңге биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беруде жұмысшы мамандығы бойынша оқып жүрген студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға ұлғайту.