Алматыда Арыс жұртына жылу жинау ісі әлі де жалғасып жатыр
Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының атынан 65 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. Төтенше жағдай болған күннен бері мегаполистегі «Достық» үйінде ашылған кеңсеге зардап шеккендер үшін қажетті заттарды әкелуде. Ал, этномәдени бірлестік өкілдері алғашқы күні-ақ, 1 миллионнан астам қаражат жинаған. Бұл бастамаға кәсіпкерлер де қолдау көрсеткен. Аталған құрылым осы уақытқа дейін ел көлемінде жалпы құны 70 миллион теңгенің заттарын Түркістан өңіріне жөнелтіп, жәрдем берген.
Шаймардан Нұрымов, Қазақстан ұйғырлары этномәдени орталығының төрағасы:
Осы уақыттың ішінде 100 тоннаға жуық жейтін тамақ, киім-кешек жіберілді. Қазақстан халқы ассамблеясының атынан. ++01:49 Енді екінші кезең басталды. Ол екінші кезең енді бағанағы қираған жерлерді бұзылған үйлерді орнына келтіру және бірінші сентябрьда оқу өз уақытында басталу керек.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ