Арыстан 725 бала еліміздің өзге өңірлеріндегі демалыс лагерьлеріне аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстан 725 бала еліміздің өзге өңірлеріндегі демалыс лагерьлеріне аттанды

02.07.2019

Олардың бір тобы Жамбыл, Павлодар аймағындағы тұмса табиғат құшағындағы тынығу орындарына, бірқатары Нұр- сұлтан қаласы мен Бурабайға саяхаттайды. Балғындардың киім- кешегі мен керек-жарығын демеушілер түгендеп берген. Айта кетейік, Арыс қаласында 15 мектеп бар. Онда 11800 бала білім алады. Ал іргелес ауылдардағы 25 мектеп, 18 мыңнан астам оқушы бар. Осы жазда соның 4 мыңын лагерьлерге жіберу жоспарда.

Ардақ Садықова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл жерде біз балаларды іріктеген жоқпыз. Әр аймақтан ұсыныстар түсіп жатыр, соған сәйкес, ата-аналарымен жұмыс жасадық. Кім баласын қайда апарғысы келеді деп. Сол өздері таңдады. Кейбір ата-аналар балаларын демалысқа жібермей, өзімен ұстап отыр, оған да қинау жоқ. Әркімнің өз еркі.

Кешегі өткен алқа мәжілісінде өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев балаларды ғана емес, арыстық ардагерлерді де демалысқа жіберу туралы бастама көтерді. Айта кетейік, Арыста  3 мыңнан астам ардагер бар. Соның  2 мыңдайын сауықтыру орталықтарына жіберу мәселесі нақтыланып жатыр.

Хабарламаларға жазылу