Ақтоты Райымқұлова Біріккен араб әмірлектерінде өткен джиу-джитсу жарысында жүлделі орындарға ие болған жеткіншектерге алғыс айтты. «Спорт – адамды көрікті етеді, қандай мақсатты көздесең соған жеткізеді. Осы себепті сіздер өзге қатарластарыңызға үлгісіздер, жарқын бағдарсыздар»,-деді ведомство басшысы. Министрмен кездесуге Алматы №1 балалар үйінің және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резерві республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері келді. Оларға марапат табысталды.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Сендердің жеңістерің – біз үшін құрмет пен мәртебе. Алған беттеріңнен таймаңдар. Біздің ұлт спортқа аса жақын болуы тиіс. Бұл мұратқа өздеріңдей жастар жеткізеді. Өйткені шабыттандырасыңдар. Ал біз талапты ұл-қыздарға жағдай жасайтын боламыз. Спортқа баулу орталықтарының ашылуы соның айғағы.